Әлем • 17 Тамыз, 2022

Колумбияның оңтүстік-батысында 300 адам үйлерін тастап кетті

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Колумбияның оңтүстік-батысында бұрынғы революциялық қарулы күштер (FARC) мен Ұлттық азаттық армиясы (ELN) көтерілісшілері арасындағы қақтығыстар салдарынан 300 адам үйлерін тастап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Колумбияның оңтүстік-батысында 300 адам үйлерін тастап кетті

Бұл туралы Каука департаментінің құқық қорғау желісі ақпарат таратты. Жергілікті билік үкіметті олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.  

Аймақта қақтығыстар жалғасуда. Кісі өлімі тіркелген.  FARC пен ELN арасындағы қақтығыстың басты себебі - есірткі бизнесін бақылау.