Елорда • 17 Тамыз, 2022

Елордада 5 мыңға жуық үй газға қосылды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының отын-энергетика ресурстары бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада 5 мыңға жуық үй газға қосылды

Қала әкімдігінің хабарлауынша газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген. 2021 жылы бірінші кезектегі, сондай-ақ ішінара екінші кезектегі құрылыс аяқталды. Екінші және үшінші кезектің қалған бөлігі бойынша жұмыстар 2022-2024 жылдарға жоспарланған.

«Бүгінгі күні Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Теміржолшылар, Промышленный, Оңтүстік-Шығыс (оң жағы мен сол жағы), Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендері, сондай-ақ Потанин көшесі ауданында қаланың ескі бөлігіндегі тұтынушыларды қосу қамтамасыз етілді. 650 км газбен жабдықтау желісінің құрылысы аяқталды», деді Есмағұлов.

Жалпы, елордада 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент газға қосылды. Газға 4,6 мыңнан астам үй қосылған.

Айта кету керек, ЖЭО-1,2-дегі 13 қазандық газға ауыстырылды.