09 Мамыр, 2014

Бұрынғы Білім вице-министрінің соты мамыр айында өтеді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08-05-14-shayahmetov

АСТАНА. 9 мамыр. Астана қалалық соты Білім және ғылым министрінің бұрынғы орынбасары Саят Шаяхметовтің жемқорлық дерегіне байланысты қозғалған қылмыстық ісін мамыр айында қарайды. Бұл туралы министр Аслан Сәрінжіпов Tengrinews.kz тілшісіне хабарлады. «Мамыр айының соңына дейін сот басталады. Іс құқық қорғау органдарынан сотқа берілді», - деді ол Министр ведомствоның сотқа зардап шегуші тарап ретінде қатысатынын айтты. Еске сала кетйік, қаржы полициясы 2013 жылғы 1 қарашада Шаяхметовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Экс-вице-министр Өскеменде 700 орындық білім беру мекемесі құрылысы кезінде қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды. Ол мемлекетке 1,1 млрд. теңге көлемінде шығын келтірген. Осыған байланысты Шаяхметов 2013 жылғы мамыр айында тұтқындалды. Қаржы полициясының мәліметінше, «ҚР тұрғызылып жатқан білім және ғылым нысандары дирекциясы» ЖШС бас директоры Пакқа, «Сервис ЖАК» ЖШС бұрынғы бас директоры Киреевке және осы серіктестіктің қазіргі директоры Тұтыбалинге аталған бюджет қаржысын алаяқтық жолмен жымқырды деген айып тағылды. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Tengrinews.kz. Фото: Tengrinews.kz.