08 Мамыр, 2014

Қызылорда облысында ірі жол апатына орай азалы күн жарияланды

345 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

08-05-14-avaria

АСТАНА. 8 мамыр. Қызылорда облысында 10 адамның өмірін жұлып кеткен ірі жол апатына байланысты азалы күн жарияланды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8-10 мамыр аралығын қамтитын азалы күндері облыста мәдени-бұқаралық шараларды өткізуге шектеу қойылды. Облыстық телеарналардағы сауықтық бағдарламалар кейінге қалдырылды. «Әкімдік пен облыс мәслихаты кеше қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты», - делінген хабарламада. Еске сала кетейік, 7 мамыр күні таңертең сағат 9-00 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тас жолының Тартоғай елді мекеніне жақын тұсында жолаушылар таситын Mersedes-Sprinter шағын автобусы Toyota Land Cruiser Prado көлігімен соқтыққан еді. Екі көлікте 19 адам болған. Осы оқиғадан 10 адам, оның ішінде екі жүргізуші де оқиға орнында үзілді. Тағы 8 адам ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құрыш Нұрымбет. Дереккөз: Қызылорда облысының әкімдігі. Фото: Tengrinews.kz.