Спорт • 18 Тамыз, 2022

Қарсыластар анықталды

259 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылып, ширек финалда қай команданың өзара күш сынаса­тыны анықталды.

Қарсыластар анықталды

Аталған межеде «Тараз» бен Қараған­дының «Шахтері», Алматының «Қайраты» мен Оралдың «Ақжайығы», Нұр-Сұлтан­ның «Астанасы» мен Атакенттің «Мақта­аралы» және Қызылорданың «Қайсары» мен Шымкенттің «Ордабасы» шебер­лік байқа­сады. Бұл кездесулер 31 тамызда өтеді. 19 қазанда жартылай финалдық ойын­дарды тамашалаймыз. Бұл матчтарда «Қай­рат»/«Ақжайық» – «Тараз»/«Шах­тер» және «Астана»/«Мақтаарал» – «Қай­сар»/«Ордабасы» арасындағы бәсекеде бағы жан­ған командалар ақтық сайыстың жолдамасын өзара сарапқа салады.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің әр өңі­ріндегі 30 команданың басын қосқан биыл­­ғы ел кубогының жалауы 6 сәуірде желбіре­ген еді. Осы жарыста жеңімпаз атанған ұжым бірден УЕФА Конференция кубогының екінші кезеңіне жолдама алады.