Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бёрнспен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономикалық және инвестиция саласындағы байланыстардың негізгі бағыттары қарастырылды. Бұдан бөлек, Қазақстанның алдағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты негізгі мәселелер талқыланды. Тараптар Украина мен Ауғанстандағы жағдайға қоса, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Қазақстанның Құрама Штаттармен екіжақты қарым-қатынасты белсенді дамытуға әзір екенін айтты.
– Таяуда мен Гаагада АҚШ Президентімен кездестім. Біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелерін, сондай-ақ, әлемде бүгінгі таңда қалыптасып отырған ахуалды егжей-тегжейлі талқыладық. Оған қоса, бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Екіжақты ынтымақтастықты жоғары деңгейде бұдан әрі де жалғастыру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
У.Бёрнс Мемлекет басшысына АҚШ Президенті Барак Обаманың жылы лебізін жеткізіп, АҚШ-тың Қазақстанмен стратегиялық серіктестікке деген ұзақмерзімді айнымас ұстанымын атап өтті.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше