09 Мамыр, 2014

Мұрағатта сақталған медаль

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұл награда арада 70 жыл уақыт өткенде майдан­гердің ұлы Бақытбек Мұқашұлының қолына табыс етілді. Мұқаш Сатабаев соғысқа 41-дің күзінде Ақсудың Құркөл ауылынан аттаныпты. Соғыста ауыр жарақат алып елге оралады. Облыстағы Лебяжі, Ақсу аудан­­дарының өрт сөндіру бөлім­шесінде еңбек етіп, 1974 жылы қайтыс болады. Кейін, соғыс аяқталған соң, 1947 жылы Мұқаш Сатабаевқа Смоленск қа­ласы ма­ңындағы шайқаста көр­сет­кен батылдығына орай «Ерлігі үшін» медалі беріледі. Бұл ресми құ­жат осы уақытқа дейін Ре­сей Қорғаныс министрлігінің орта­лық мұрағатында сақталып келіпті. Енді, міне, сол медаль май­­­дангердің ұлының қолына тиді. Облыс орталығындағы «Достық» үйінде Ресейдің Өскемендегі бас консулы Сергей Анненков награданы Бақытбек Мұқашұлына салтанатты түрде табыс етті. – Марқұм әкеміздің медаль ал­ғанын 2012 жылы ғана біл­дік. Облыстағы қорғаныс істе­рі жө­ніндегі департамент арқы­лы Ре­сейдің Қорғаныс министр­лігімен байланыс жасап, медальді елге алдыруға әрекет жасадық. Бұл – біздің әулет үшін абырой. Ма­­ра­пат­ты әкеміз өзі білмей кетсе де, ер­­лігі соңында қалған ұрпа­ғына жет­­ті, – дейді Бақытбек Мұқаш­ұлы. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.
Соңғы жаңалықтар