Бұл жігіт кім болды екен. Берлинге шабуыл, империялық кеңсе мен Рейхстаг шайқастары жөнінде азды-көпті оқығандарымыз болғанымен, нақ Гитлердің кабинетінде велосипед теуіп жүрген қазақ туралы естіген де, білген де емеспіз. Жақсыны білмек, көрмек керек! Есімі кім? Тегі кім? Қазақ елінің қай аймағынан болды екен? Біраз-біраз сұрастырып көрсек, көрген, білген, естіген ешкім жоқ, бәр-бәрісі бейхабар болып шықты. Сонда, қазақ жауынгер жігітінің Гитлердің кабинетінде велосипедпен серуен салғаны жөніндегі дерек қайдан алынған? «Степан Кольчугин», «Өмір және тағдыр» және басқа шығармаларымен белгілі жазушы Василий Гроссманның (1905-1964) Мәскеудің «Правда» баспасынан 1989 жылы «Годы войны» кітабы басылып шыққан. Дерек осы кітаптан алынып отыр.
«2 мая. День капитуляции Берлина... Новая имперская канцелярия... Кабинет Гитлера. Зал приемов. Гигантский вестибюль, по которыми падая, учится кататься на велосипеде смуглый широкоскулый молодой казах» (456-бет). Міне, осылай! Бұны В.Гроссман ұзынқұлақтан естіп емес, өз көзімен көріп жазған. Ол одақтық әскери газет «Красная звезданың» тілшісі ретінде 1941 жылдың тамызынан майданда болады. Мәскеу, Сталинград, Курск шайқастары, Днепр, Беларусь, Польша... Берлин тізе бүккен 2 мамырда осы қалада еді. Жаңа империялық кеңседе, Гитлердің кабинетінде болатын. Осында велосипед теуіп жүрген қазақ жауынгерін көреді. В. Гроссман майданда көргендерін күнделік дәптеріне жазып отырған. «Годы войны» кітабы негізінен жоғарыдағыдай жазулардан құралған.
Кітапта қазақ жігіттің – жауынгер солдаттың аты-жөні аталмаған. Белгісіз. Есімі беймәлім болғанымен, біз қазақтың бір баласының бүкіл Еуропаны дерлік жаулап алған Гитлердің кабинетінде – кіреберіс ауыз бөлмеде велосипед теуіп, сайрандағанын білейік! «Міне, қазағың осындай»! Осыдан тура 200 жыл ілгеріде біздің аталарымыз Наполеонды қуалап, Парижге кіріп, Сена өзеніне аттарын суарған. Рақымжан Қошқарбаев ағамыз Рейхстагқа шабуылдаған мыңдаған жауынгерлер арасынан бірінші болып оның қабырғасына қызыл жалау тікті! «Әне, қазағың сондай!» – дейік!
Сәділ КӘДЕЕВ.
ШЫМКЕНТ.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше