Спорт • 19 Тамыз, 2022

«Барыс» жеңіске жетті

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккейден Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Қазақстан Президенті кубо­гының тұсаукесер кездесуінде сү­рін­ген «Барыс» келесі ойында жеңіске жетті.

«Барыс» жеңіске жетті

Бұл жолы жерлестеріміз Нижнекамскінің «Нефтехимигімен» күш сынасты. Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Үзілістен кейін Михаил Рахманов нысананы дәл көздеп, «Барысты» алға шығарды. Үшінші кезеңде Линден Вей мен Дінмұхамед Қайыржан мергендік танытты. Есеп – 3:0. Екінші кездесуінде Магнитогорскінің «Ме­тал­лургі» 2:1 есебімен Екатеринбургтің «Авто­мобилисінен» айласын асырды. Жеңім­паз команданың сапында Филипп Майе мен Семен Кошелев гол соқты. Сөйтіп, қатарынан екі матчта басымдық танытқан магнитогорскілік хоккейшілер жарыс кес­тесінде көш бастады.

Бүгін «Барыс» пен «Металлург» өзара ше­берлік байқасады. Осы кездесуде жеңіске жеткен команда аталған жарыстың бас жүл­десін олжалайды.