09 Мамыр, 2014

Сыр

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
(Қарт майдангер толғанысы) Куә болдым екі бірдей ғасырға, Қанды көйлек дос қалмады қасымда. Қалам менен қағаз алдым қолыма, 91-ге келген мынау жасымда.   Мақтан тұтам туған жерім – Сыр елін, Өткен шақты еске алып жүремін. Ел басына күн туғанда кешегі, 18-де бозбаланың бірі едім.   Бозбалада сірә бөтен ой бар ма, Жастық жігер жалындатпай қойған ба. Қорғау үшін туған жерді, елімді, Қиыр шетке – кете бардым майданға...   Соғыстан соң бейбіт өмір басталды, Бағындырдық небір белес, асқарды. Күндіз-түні еңбек етіп аянбай, Орындадық «партиялық» жоспарды. Енді қазір ел болдық қой егемен, Қарт майдангер қуанбайын неге мен. Қазағымды бар әлемге танытты, Елбасымның саясаты көреген.   Көш бастадық үлгі болып басқаға, Сарыарқада бой көтерді жас қала. Бар әлемді тамсандырып көркімен, 15 жылын тойлап өтті Астана.   Жас ұрпақтар өсіп жатыр білімді, Оған куә жетістігім бүгінгі. Мақтан тұтам әрқашанда мына мен, Елбасымыз Нұрсұлтандай інімді.   Өздеріңмен марқаямын бүгін мен, Бақытты да, бейбіт өмір сүріңдер. Қазақ елі жасай берсін мәңгілік, Қарт майдангер тілегі осы – біліңдер! Шәймерден Сүйіндіков, соғыс және еңбек ардагері. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы.
Соңғы жаңалықтар