Теннис • 19 Тамыз, 2022

Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рыбакина АҚШ-та өткен турнирдің ширек финалына өтті

Ол үшінші раундта әлемдік рейтингте 29-орында тұрған америкалық Элисон Рискені 6:2, 6:4 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды. Матч барысында Елена 9 эйс жасап, 13 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейктен аса алған жоқ.

Осылайша, Е.Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Цинциннати додасының ширек финалына жолдама алды. Ол жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Свентек немесе рейтингте 24-орындағы америкалық Мэдисон Киздің біреуімен таласады.