Оқиға • 19 Тамыз, 2022

Өзбекстанда газ баллоны жарылып, алты адам қаза тапты

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы көрші елдің Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өзбекстанда газ баллоны жарылып, алты адам қаза тапты

Олардың айтуынша, қайғылы оқиға 18 тамыз күні сағат 14:30 шамасында Ақалтын ауданында жанармай құю бекеттерінің бірінде болған.

Айтуынша, жарылыс Isuzu автобусының газ баллондарына метан құйылғаннан кейін болған. Белгілі болғандай, көлік Хорезм облысы, Бағат ауданындағы мектепке тиесілі.

Жарылыс салдарынан алты адам қаза тауып, 15-і түрлі дәрежеде жарақат алған.

Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілуде. Төтенше жағдай орнына денсаулық сақтау саласының, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер департаментінің және прокуратураның өкілдері барды. Алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.