«Гемпшир» қойының түр-тұрпаты туралы айтсақ, басы мен сирақтары қызғылттау немесе қоңырқай түсті болып келеді, ал «суффольк» қойының басы мен тізесінен төмен тірсектері бақайшағына дейін қара түсті болады. Асыл тұқымды қойлардың жон арқасы, яғни жоталары тегіс әрі ақшыл келеді. Қошқары 124 кило, ал саулықтары 90 кило тартады. Еті диеталық тағам түріне жатады. Былтырғы жылы 250 бас қошқар сатып едік, биыл 300 бас асыл тұқымды қошқар сатуды жоспарлап отырмыз. Сұраныс жақсы, кесімді бағамыздан түсірмей саудаласпай алып кетеді. Сөйтіп, елімізде асыл тұқымды қой санын көбейтуге өзіндік үлесімді қосудамын. Тағы бір айта кетер жайт, алты жылдан бері Қазақ мал шаруашылығы және мал азығын өндіру жөніндегі ғылыми зерттеу институтының ғалымдарымен бірлесе осындай жетістікке қол жеткізіп отырмыз», деді Алмасбек Садырбаев.
Қорыта айтқанда, Шопан ата тұқымын өсіру қазақтың атакәсібі. Ықылым заманнан бері жерсінген қазақы құйрықты қой, еділбай тұқымды қойлары тұрғанда мұхиттың арғы жағынан қой тұқымын әкелу бар да, сол малдың жерсінуі тағы бар. Бұл ауыл шаруашылығы саласының өзекті мәселесінің бірі болып табылады. Демек, іскер азаматтар жол тауып әкелумен бірге сол еңбегінің жемісін алты жылдан соң паш еткенін ұстамдылық деп бағалаған дұрыс. Құдайға шүкір, сан сыннан өткеннен кейін қойлары Жетісу жерін жерсінгендіктен толыққанды төл алып, сол төлінің алдын сатып, жемісін көрсетіп отыр. Мұндай фермерлерді қолдау арқылы Елбасы айтқан меже 60 мың тонна етті экспортқа шығару мүмкіндігіне ие боларымыз анық.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Алматы облысы.

Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Кеше
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Кеше
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Кеше
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Кеше
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Кеше