Қоғам • 20 Тамыз, 2022

ArtSport бағдарламасына тағы 3 млрд теңге бөлінді

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда мәслихаты 2022-2024 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджетіне өзгеріс енгізу мәселесін талқылады. Онда ArtSport бағдарламасын қаржыландыру мәселесі қолдау тапты, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ArtSport бағдарламасына тағы 3 млрд теңге бөлінді

Мәслихаттың 2022 жылғы 17 тамыздағы шешімімен 3 млрд теңге сомасына қосымша қаражат бөлінді. Бұл қаражат қыркүйек айына қоса мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс аясында іске қосылған ваучерлердің қажеттіліктерін қамтиды.

Бұған дейін 2022 жылдың басынан бастап іске қосылған ваучерлерді қамтамасыз ету үшін 6,4 млрд теңге бөлінген еді.

Бүгінгі күні қалада платформа арқылы балаларға берілген ваучерлердің жалпы саны – 85 561, оның ішінде 61 639 ваучер іске қосылды.

Қазір елордада мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс аясында 25 спорт түрі бойынша 581 спорт секциясы, сондай-ақ 45 бағыт бойынша 1034 шығармашылық үйірме жұмыс істейді. 

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қазақстандық балалар ArtSport бағдарламасы бойынша спортпен және шығармашылықпен тегін айналысатынын мәлімдеген еді.