Қазақстан • 20 Тамыз, 2022

Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің құрамына кірді

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Серік Жұманғарин Қазақстанның Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесіндегі ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz комиссияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Серік Жұманғарин ЕЭК кеңесінің құрамына кірді

«Еуразия экономика комиссиясының кеңесінде Қазақстан атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді», делінген хабарламада.

Тиісті ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келіп түскен.