ШҚО төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламаға сәйкес, жол-көлік оқиғасы 21 тамыз күні «Өскемен-Алтай» тасжолында болған.
Тойота автокөлігі мен КамАЗ соқтығысты.
«Жол апаты салдарынан үш адам зардап шекті. Екі адамды жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Ал жеңіл автокөліктің 1976 жылы туған жүргізушісіне Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Содан кейін ол бірінші қалалық ауруханаға жеткізілген», делінген ақпаратта.
Белгілі болғандай, ер адамға мойын жарақаты диагнозы қойылды.
Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.