09 Мамыр, 2014

Бір ауданда бір ғана соғыс ардагері қалды

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
9 Мамыр күні қарсаңында аудан орталығы Көктөбе ауылында тұратын Мағау Сыздықов атамызға бір күндік еңбекақыларын есепшотқа аударған дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпкерлер, басқа да сала қызметкерлері сый-құрмет көрсетті. Семейдің Келмембет деген ауылында өмірге келген Мағау атамыз 1942 жылы майданға аттанады. Ол соғыс жылдары 830-шы артиллериялық полк қатарында Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдары Украинадағы қорғаныс зауытына жұмысқа алынған. Содан елге оралған бейбіт күндерде өндіріс саласында, әк шығаратын зауытта еңбек етеді. Бүгінде бұл кісі үбірлі-шүбір­лі үлкен әулеттің атасы, 8 бала сүйіп, 21 немере,13 шөбере көріп отыр. Көктөбеліктер үлкен-кіші­сі бар орта­ларындағы жалғыз қалған соғыс ардагеріне құрмет көр­сетуде. Аудандық әкімдік ата­мыздың үйіне күрделі жөндеу жасап, жаңартып берді. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы, Май ауданы.