Дәстүр бойынша алғашында жарыс командалар арасында өтті. Бұл тартыс жергілікті Jumbo-Visma клубының жеңісімен аяқталды. Қызғалдақтар елінің өкілдері 23,3 шақырымдық қашықтықты 24 минут 40 секундта жүріп өтті. Одан кейінгі орындарды Ұлыбританияның INEOS Grenadiers пен Бельгияның Quick-Step Alpha Vinyl Team ұжымдары иеленді. Жеңімпаздан 46 секунд қалып қойған «Астана» 10-сатыға табан тіреді.
Екінші кезең Хертогенбос пен Утрехт қалалары аралығын қамтыды. 175,1 шақырымдық тегіс жолда ирландиялық Сэм Беннетт (BORA-hansgrohe) алдына жан алмады. Одан кейінгі орындарды даниялық Мадс Педерсен (Trek-Segafredo) мен бельгиялық Тим Мерлир (Alpecin-Deceuninck) иеленді. «Астананың» үздігі Мигель Анхель Лопес 24-сатыға табан тіреді.