Оқиға • 22 Тамыз, 2022

Алматыда екі ауруханаға «мина» қойылды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда белгісіз біреулер екі медицина мекемесіне «мина» қойылды деген ақпарат таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда екі ауруханаға «мина» қойылды

Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат қаладағы екі ауруханаға келіп түскен. Жедел қызмет науқастар мен қызметкерлерді эвакуациялады, көлік қауіпсіз қашықтыққа шығарылған. Оқиға орнында саперлар жұмыс істеп жатыр.

«Қазір қаланың жедел және төтенше қызметтері Алматы аумағындағы екі медицина мекемесінде ақпаратты тексеріп жатыр. Осындай хабарламаларға қатысты алғашқы кешенді шаралар жүргізілуде, оның ішінде адамдарды эвакуациялау да бар. Оқиға орнында сапер бөлімшелері жұмыс істеп жатыр», деді Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Кейін полиция өкілдері тексеру қорытындысы бойынша «бомба қойылғаны» туралы ақпарат жалған болып шыққанын айтты.

«ПД Жедел бақылау орталығы мәліметінше, таңғы сағат 10:57-де екі нысанда жұмыстар тоқтады. Ақпарат жалған болып шықты, жарылғыш құрылғылар табылмады. Медициналық мекемелер қалыпты жұмыс режиміне көшті. Қазір жедел бөлімшелер аты-жөні белгісіз тұлғаны іздеуге кірісті», деді ПД өкілдері.