Президент • 22 Тамыз, 2022

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысының төрағалығымен Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтіп, қаруды өндіру мен сатып алу, сондай-ақ осы саладағы экспорттық бақылау мәселелері қарастырылды.

Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың баяндамаларын тыңдады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді.