Жолдау заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етіледі
Шығыс Қазақстан облысына келген Парламент Сенаты Экономикалық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Талғатбек Абайділдин аймақтың атқарушы және өкілді билік өкілдерімен кездесті. Т.Абайділдин, сонымен қатар, кірпіш және цемент зауыттарының, «Спектр» газетінің еңбек ұжымдарымен, Семей қаласындағы бизнес колледжінің оқушыларымен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Сенатор жүздесу барысында Парламенттің заң шығару қызметі, Президент Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауында алға қойылған міндеттерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Сенаттың биылғы жылғы жұмыс жоспары туралы әңгімеледі, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. *** Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Оразкүл Асанғазы Ақмола облысы, Бурабай ауданының Мәдениет және Абылай хан ауылдарында тұрғындармен жүздесті. «Нұр Отан» партиясының бағдарламасында ауылды дамытуға назар аударылып отыр. Абылай хан ауылына барғанда, тұрғындардың тұрмысы жақсы екеніне көзім жетті. Ауылда жол, ауыз су мәселесі шешімін тапқан, мектеп пен балабақша жұмыс істеп тұр. Ал Мәдениет ауылында тұрғындар үлкен жолдан ауылға бұрылған тұстағы 9 шақырымдық жолдың күрделі жөндеуден өтпей тұрғанын және электр жарығының жиі-жиі сөніп қала беретінін алға тартты. Ауыл басшылығы жолдың жобалау-сметалық құжаттарын дайындап жатыр екен. Келер жылдары ол мәселе де шешілуге тиіс. Бұл тұрғыда Ақмола облысының әкімімен өзім де сөйлесемін», деді О.Асанғазы. Сондай-ақ, депутат Көкшетау қаласындағы педагогикалық колледждің ұжымымен кездесті. «Оған арнайы барғанымның себебі, 12 жылдық білім беру жүйесіне өткелі жатырмыз. Оқушыға білімнің негізі бастауышта қаланады ғой. Сондықтан педколледждің рөлі өте зор. Білім саласындағы өзгерістер, жаңалықтар туралы аталған оқу орнының ұстаздарымен, шәкірттерімен керемет бір кездесу болды. Келелі ойлар, ұтымды ұсыныстар айтылды», деді О.Асанғазы. *** Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Абай Тасболатов Қарағанды облысында болып, Елбасының Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы еліміздің алдына қойылған өзекті мәселелерді халыққа түсіндіру мақсатында сайлаушылармен кездесті. Парламент Мәжілісінің депутаттары А. Тасболатов, Т.Өмірзақов, Т.Ерғалиев Сәтбаев қаласына қарасты спорт-сауықтыру кешені жұмысымен танысып, спорттық іс-шараларға қатысты. Депутаттар Жезқаған қаласының әкімі Серік Шайдаровпен, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлерімен, Ауған соғысына қатысушылармен, өңір жастарымен кездесу өткізді. Қорғаныс істері департаментінде болып, онда жұмыс атқаратын әскери қызметкерлермен пікір алмасты. Кездесулер барысында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан. Мақсаттар-2017. Ұлттық іс-әрекеттер жоспары» тұғырнамасы, Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауының басымдықтары және Мәжілістің заң шығарушылық қызметі жайынан хабардар етті. А.Тасболатов барлық аудандардағы азаматтарды өз өтініштері бойынша жеке қабылдаулар өткізіп, нәтижесінде шағымдар уәкілетті мемлекеттік органдарға жолданатындығын айтып, әрбір көтерілген сауалға тиісті жауап болатынын жеткізді. *** Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай және Көкпекті аудандарында сайлаушылармен кездесулер өткізді. Кездесулер аталған аудандардың Көкжыра, Құмғол, Ақсуат, Қарасу, Ақжар, Көкпекті ауылдарының тұрғындарымен өтті. Сонымен қатар, депутат Ақсуат ауылында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына, №1 дәрігерлік амбулатория мен жаңадан ашылған Халық банкінің бөлімшесіне барып, халыққа қызмет көрсету жұмысымен танысты. Көкпекті ауылындағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балалардың тұрмыс-тіршілігін көрді. Кездесулерде халық қалаулысы сайлаушыларға Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары, Парламенттің заң шығарушылық қызметі, «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жұмысы туралы айтып берді. Сайлаушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мәселелер көтерілді. Азаматтардың сұрақтарына депутат тарапынан толық жауап берілді. Азаматтар өз өтініштері бойынша депутаттың жеке қабылдауында болды. *** Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Бекенов Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Теңіз ауылдық округінде кездесу өткізді. Жиынға ауыл тұрғындары, Гагарин мектебінің педагогикалық ұжымы, «Айсамал» балабақшасының ұжымы, округ әкімі аппаратының қызметкерлері, ауылдық клуб ұжымы, «Сарсенбаев Е» шаруа қожалығының қызметкерлері, қоғамдық қызметкерлер қатысты. А. Бекенов Елбасының 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары, Парламенттің заң шығару қызметі, «Нұр Отан» партиясының ағымдағы жұмысы туралы айтып берді. Ауыл тұрғыны, ауданның Құрметті азаматы Ұ.Жадығұлов, ауыл тұрғындары А.Ғұмаров,Т.Хауысов, А.Құбаев С.Қалиев сұрақтар қойып, ұсыныстарын білдірді. Жиынға аудан әкімі А.Барақатов, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, т.б. келді. *** Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев аймақтарға сапары аясында қасиетті Түркістан қаласында және Қызылорда облысының Шиелі және Жаңақорған аудандарында болып, сайлаушылармен және жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Алғашқы келелі жиын Түркістан медициналық колледжінде болды. Депутат оқу орнының білім беру базасымен танысып болғаннан кейін колледж студенттерімен пікір алмасты. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, жастар қауымын ел игілігі жолында аянбай еңбек етуге шақырды. Одан әрі Түркістан қалалық кәсіпкерлік бөлімінде ұлттық кәсіпкерлер палатасының, әкімшілік және бизнес қауымдастық өкілдерінің, сонымен қатар, БАҚ-тың қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында өңірде кәсіпкерлік саласын дамыту, инфрақұрылым және ауыз су мәселесі сөз болды. Қызылорда облысының Шиелі ауданында болған депутат «КНК КЕМИКАЛ» ЖШС жұмысымен танысты. Сапар барысында өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелері тақырып өзегіне айналды. Ал Жаңақорған ауданында жеке кәсіпкерлердің және шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, егін басына барды.Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше