Қоғам • 23 Тамыз, 2022

Заң кеңесі тегін беріледі

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға байланысты Үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі Алматы қаласында тегін заң кеңесін ашты. Орталықта тәжірибелі заңгерлер қала тұрғындарын толғандырған сұрақтарға жауап беретін болады.

Заң кеңесі тегін беріледі

Заңгер мамандар «жедел желі» аясында барлық ауданда жылжымалы заң кеңесі қызметін іске асыра отырып, ай сайын кемінде 2 рет тұрғындарға сауда орындарында, емханаларда, халыққа қызмет көрсету орталықтары және де тұрғындар көп баратын аумақтарда кеңес беруді қолға алып отыр.

Азаматтардың құжаттарын дайындауға әдістемелік көмек көрсету және соттарда халықтың әлеуметтік осал топтарының ісін жүргізу заңгерлер жұмысының басты бөлігі. Кәсіби мамандар орталыққа келушілерге заң мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетіп, телефон, электронды пошта және «Онлайн кеңесші» интерактивті модулінің көмегімен орталық сайт арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде кеңес береді.

«Адам және қоғам» үкіметтік емес ұйым өкілі, тарих ғылымдарының докторы Жанат Сманқұлова, заң ғылымдарының магистрлері Айбол Қожатаев, Данияр Тарихов, Сұлтан Нұрғалиев, тағы да басқа заңгерлер орталықтың ашылу рәсімінде көптеген мәселеге орай сараптама жасады. Тұрғындарды толғандырып, шешімі табылмай жүрген кез келген сауалдың нәтижемен аяқталатындығына сенім білдірді. Осы кездесу аясында заңгерлерге бірқатар сұрақ қойылып, оның шешу жолдарына қатысты бағыт-бағдар берілді.

 

АЛМАТЫ