Қазақстан • 23 Тамыз, 2022

Еттің қымбаттауына еш негіз жоқ - Қарашөкеев

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде ет нарығындағы жағдай тұрақты, бағаның күрт өсуіне негіз жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еттің қымбаттауына еш негіз жоқ - Қарашөкеев

«Ет бағасына қатысты тоқталсам, қазір ет өндірісінің көлемі тұрақты, артып та келеді. Экспортқа да шығарылуда. Жағдай тұрақты. Мал басы да арта түсуде. Өңделген еттің шетелге экспорт көлемі де ұлғаюда. Сондықтан жағдай тұрақты. Егер қарасаңыздар, баға өсімі бар. Яғни, жанармайдан бастап мал шаруашылығының шығындары артып отыр. Қажетті дүниенің бәріне баға өсіп келеді. Осыған байланысты біршама қымбаттауы мүмкін», деді министр БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуынша, мал шаруашылығының кірістілік деңгейі біркелкі сақталуы тиіс. Егер олар шығынға батса, онда еттің қажетті көлемі де соған сай баға да болмайды.

«Қазіргі уақытта бағаны болжау қиын. Бағаға болжам жасаған кезде бірнеше факторды ескергеніміз жөн. Бірінші фактор - мал басы. Бізде мал басы тұрақты артып келе жатыр. Екінші мәселе - қаржыландыру. Негізінен еттің қатты қымбаттап кетуіне негіз жоқ», деп қосты Ербол Қарашөкеев.