Руханият • 23 Тамыз, 2022

Өткен мен бүгінді сабақтастырған...

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордадағы Ұлттық музейде «Дәстүр мен уақыт» атты қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнер туындыларына арналған көрме өтті.

Өткен мен бүгінді сабақтастырған...

Көрмеге халқымыздың ға­сырдан ғасырға жалғасып келе жатқан мәдениеті мен салт-дәс­түрін бейнелеген зер­гер­лік бұйым­дар, киіз басу, го­бе­лен, ке­рамика және тері өң­деу секілді сан түрлі өнер­ді игер­ген Берік Әлібай, Зейнел­хан Мұхаметжан, Сержан Ба­широв секілді жиырмадан аса қа­зақстандық қол­данбалы өнер шеберлерінің жұ­мыстары қо­йылды. Аталған шеберлердің қолынан шыққан әрбір бұйым – өткен мен бүгінгіні сәтті са­бақтастыра білген ұлттық бояуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар гобелен шеберлерінің ас­қан шеберлік пен көркем ком­по­зицияда бірлесіп жасаған дәстүрлі «құрақ» және киіз үйдің керегесін өңдеуге арнал­ған жұмыс үстелінің инсталля­циясы жұртшылықтың қы­зығушылығын оятты.

н

Мәдени іс-шараның ашы­луында Ұлттық музей дирек­то­ры­­ның орынбасары Абай Саты­­балдин көрменің маңызына тоқ­талып, оған 180-ге жуық туынды ұсынылғанын айтты.

«Ұлттық қолөнеріміз сонау көш­пелі кезеңнен бастап, бү­гінге дейін өз әсемдігімен қол­да­ныстан қалмай келе жат­қан асыл қазынамыз. Өнер ше­берлерінің әр кезеңдегі түрлі бағытта бедерлеген ғажайып дүниелердің мәдени-ру­хани ке­ңістігіміздегі алған орны зор. Сондықтан көр­меге ұсынылған әрбір туынды келушілердің жү­регінен ерекше орын алатынына сенімдімін», десе белгілі тарихшы ғалым Шайзада Тоқтабаева әлемдік мә­де­ниеттің дамуына үлес қосқан тарихи жәдігерлерімізді ұлттық мұ­рамыз ретінде сақтап қана қой­май, оны ұрпақ санасына сіңіріп, кеңінен насихаттау керек екендігін сөз етті.

Қысқасы, музей төрінде сән құрған сәндік-қолданбалы өнер туындылары көрмені тама­ша­лау­ға келгендердің көңілінен шық­ты.

н