Спорт • 23 Тамыз, 2022

Almaty Urban Fest 2022 фестивалі өтеді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 тамызда Алматыда урбанисті және экстремалды спорт түрлерінен «Almaty Urban Fest 2022» спорт фестивалі басталады. Алғашында іріктеу турнирі өтсе, одан кейін гранд-финалды тамашалаймыз. Ал жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері 17 қыркүйек күні белгілі болады.

Almaty Urban Fest 2022 фестивалі өтеді

1 100-ден аса жастың қа­тысуымен өтетін аталған фестиваль барысында скейтер, роллер, самокат, BMX, баскетбол (3х3), көше биі, қол күресі, воркаут, трейсер және Dota 2 киберспорттан бәсекелер ұйымдастырылады. Іріктеу кезеңі төрт алаңда өтеді. Атап айтсақ, баскетбол, стрит ворк-аут, көше биі және қол күресінің шеберлері «Алматы Аренада» өнер көрсетеді. Агрес­сивті ролик, кик-скутер, BMX және скейтбордингтан сайыс­тар Орталық саябақта өтеді. Трейсерлер 3RUNKZSCHOOL паркур мектебінде және кибератлеттер «Арена 2.0» компьютер клу­бында шеберлік байқасады. Ал жанкүйерлерге қолайлы болуы үшін Гранд-финалдың жалауы бір спорт алаңында, яғни «Алматы Аренада» желбірейді. Дүбірлі дода аяқталған бетте көрермендер эстрада өнерпаздарының қаты­суымен өтетін концерттік бағдар­ламаны тамашалайды.

е

Алатау бөктерінде орналасқан әсем қалада Almaty Urban Fest фестивалі бұған дейін екі рет дүркіреп өткен еді. Жергілікті спорт басқармасының мұрындық болуымен 2019 және 2021 жыл­­дары ұйымдастырылған ж­а­рыстар жоғары деңгейде өтіп, көп­шіліктің қызығушылығын туғызды.

е

е