Команданың аға жаттықтырушысы Нұрболат Жаңбыров сары құрлықтың басты додасында мына шәкірттеріне сенім артып отыр: Ұлдар – Арслан Әкімәлі (45 кило), Акрамат Долгиев (48 кило), Темірлан Тілеулес (51 кило), Джовохир Исламов, (55 кило), Әлібек Шайкенов (59 кило), Әділ Тілеуғабыл (63 кило), Батырхан Тілеуғали (68 кило), Ерасыл Орынбасар (73 кило), Нұрасыл Қуандық (78 кило) және Бекарыс Бекенов (+78 кило). Қыздар – Гүлназ Қайбулла (42 кило), Әмина Әшірова (44 кило), Айдана Сүндетбай (46 кило), Әсел Әбубәкір (49 кило), Нұрай Қазнабек (52 кило), Мария Севостьянова (55 кило), Аружан Тілеужанова (59 кило), Назым Махмұтова (63 кило), Самал Берікқызы (68 кило) және Нұрай Жақсылық (+68 кило).
Команданың алға қойған мақсаты – барынша көп медаль олжалап, жалпы есепте үздік үштіктің қатарынан көріну. Оған таэквондошыларымыздың әлеуеті мен күш-қуаты жетеді деген ойдамыз.