Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік еңбек әулеті» номинациясында бірінші орынды «ҚТЖ «ҰК» АҚ еңбек ететін Бурлиновтар әулеті иеленді. Еңбекқор әулеттің темір жол көлігі саласындағы жалпы жұмыс өтілі – 117 жыл.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында бірінші орынды «Premier Palace» ЖШС геодезисі Арайлым Әбілғазиева иеленді.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясында «Қазақтелеком» АҚ техникалық қолдау бірінші желісі орталығының бас менеджері Раушан Амантаева жеңіске жетті.
Қалалық кезеңнің жеңімпаздары «Еңбек жолы» конкурсының республикалық кезеңінде елорданы таныстырады.