Оқиға • 24 Тамыз, 2022

Үндістанда белгісіз вирус тарап жатыр

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдар оның қандай вирус екенін анықтауға тырысып жатыр. Белгісіз вирус қазірдің өзінде қызанақ тұмауы деген бейресми атауға ие, деп хабарлайды Egemen.kz РБК-Украина-ға сілтеме жасап.

Үндістанда белгісіз вирус тарап жатыр

Фото: Reuters

Мұндай атау науқастың денесінде пайда болатын қызыл көпіршіктерге байланысты берілсе керек. Вирус өте жұқпалы және тығыз қарым-қатынас кезінде екінші адамға оңай жұғады. Мысалы, әртүрлі заттарды ұстаған соң қолыңызды аузыңызға, бетіңізге апарған жағдайда белгісіз вирусты оп-оңай жұқтырып аласыз. 

«Бұл - сирек кездесетін  эндемиялық инфекция және адам өмір үшін аса қауіпті емес. Дегенмен COVID-19 пандемиясы кезеңінде мұндай індетті  жұқтырып алудан сақтанған жөн», деп жазылған хабарламада. 

Жаңа вирус жаңбырлы маусымда Үндістанда жиі кездесетін және шыбын-шіркей тасымалдайтын коронавирус, чикунгунья және безгекке өте ұқсас.