Шымылдық ашылғаннан-ақ назарыңызды орта ғасырдағы Францияның тұрақтылығы тұралаған, тұтастығынан қысастығы көп жырым-жырым қоғамының әсіре діни көрінісі аулайды. Ерлерше киініп, қолына қару алып елін азат ету үшін майданға аттанған 19 жасар бойжеткеннің «сиқыршылыққа қатысы бар, дәстүрлі діннен безген» деген айыппен ісі қатаң қаралып жатқан жазалау сотының үстінен түскен Сіз үрей мен үміт арпалысқан күйден алдағы екі сағат көлемінде арыла алмайтыныңыз анық. Режиссер мен қоюшы-суретшінің біте қайнасқан берік тандемі заман келбетін, дінге берілген епископтар мен қарапайым халық арасындағы рухани алшақтықты шебер жеткізіпті. Әсіресе, тағдыры көп талқысына түсіп, әне-міне инквизиция отына өртелгелі тұрған қаршадай ғана Жанна қыздың ерлігі мен қатып қалған қасаң ереженің шеңберінен шыға алмайтын дін қызметкерлерінің таяз түсінігі арасындағы парадокс орта ғасырдағы Еуропа қоғамының хал-күйін, түсінік-танымын боямасыз алдыңызға жайып салады.
Жанна д'Арк бейнесі театр актрисалары Айнұр Бермұхамбетова мен Сая Тоқманғалиеваның нұсқалауында сахнаға шықты. Қос әртіс ойынын тамашалау барысындағы біздің көргеніміз бен көңілге түйгенімізді талғам таразысына тартып көрсек, сараптамамыздың салмағы төмендегіше тарқатылды.
Сонымен, біріншіден, Жан Ануй пьесасының әдеби нұсқасымен танысқанда біздің назарымызды аударғаны – батыр бойжеткеннің жас ерекшелігі болды. Жаннаға тылсым дауыстар белгі бере бастағанда бойжеткен он бес жастың есігін енді қаққан бойжеткен еді деп көрсетіледі. Яғни, оқиға ержүрек қыз өмірінің 15-19 жас аралығындағы бөлігін қамтиды. Байқағандарыңыздай, әуелгі үндестікті біз осы тұрғыдан іздестірмекпіз. Мәселен, 13 жасар Джульеттаны, болмаса 15-ке толмаған Қамар сұлуды отызды орталаған актрисаға беруден өнер көп нәрсені ұта қояр ма екен? Ол көрермен қиялындағы әдемі естелікпен қаншалықты астасады? Міне, шымылдық ашылғанға дейінгі уақытта бізді осы сауалдың мазалағаны рас.
Әрине, «қалай тартсаңыз да театрдың ең жас актрисасы 15 жаста бола алмайды, кемі 20 жасты қанағат тұтуға тура келеді» деп қарсы уәж айтушылар да табылатыны анық. Пікір орынды. Дегенмен, труппа таңдау мен рөл тағайындағанда осы ықтималдық мен мүмкіндіктердің барынша шегін пайдалану қажеттігін ескеру – режиссер жұмысының жаңа тынысын ашар ма еді, бәлкім. Қанша елемеуге тырысқанымызбен, біз ойынына куә болған екі актрисаның да бітім-тұлғасында Жанна жасымен салыстырмалы түрде алғанда біршама алшақтықтың бары бірден көзге ұрады.
Алайда, көңілге қуаныш ұялатқаны – жас ерекшеліктеріне қатысты күдігімізді өнер иелерінің жан-жақты ізденісі ақтай алғандығы. Әсіресе, сахнада жалын атқан Жанна – Айнұр Бермұхамбетованың ішкі рухы, қуатты дауыс мүмкіндігі майдан даласындағы үрей мен үміт арпалысқа түскен аласапыран сезім күйін дөп баса алды. Атты әскер алып, өзінің майданға аттануға қажыр-қайратының жететіндігін Бодрикур мен Карл патшаға және айналасындағы басқаларға дәлелдеу жолындағы батыл да сенімді әрекеті, өжет те өр сөз саптасы көңілге құрмет орнықтырды. Жан дүниесін әлемтапырық күйге түсірген көңіл түкпіріндегі қорқынышы мен қайсарлығын тепе-теңдікте ұстап, дәл берген актрисаға жалғыз ғана жетпегені – семсер мен жұмыс істеудегі сенімділік. Семсерді серіктесіне лақтыратын тұста да, қылыштасатын көріністе де Жанна – Айнұрдың бойында әрекет еркіндігі әлсіздеу болды. Қорқынышқа басымдық беріп алғандығын жазбай танисыз. Керісінше, бұл жағынан Сая Тоқманғалиева басымырақ түсті. Бірақ Саяның бір кемшілігі – ішкі трагедиялық күйді беруде кейіпкердің жандүние тұңғиығының тек беткі қабатын ғана малтып өтуі дер едік. Тұтас Франция елінің тағдыры бір өзінің иығына түскенін сезіну – қаршадай бойжеткен тұрмақ, жаужүрек батырдың өзін бейжай қалдырмасы ақиқат. Осы тұрғыдан келгенде Жанна – Саяға тек дауыс құбылтумен ғана шектелмей, жауынгер Жаннаның жалын шарпыған, қауіп пен қорқыныш қатар кеулеген жандүние арпалысының аласапыран күйін ішкі түйсіктің қызметін белсендірек іске қосу арқылы жеткізу жағы жетіспеді. Актриса езуіне жиі-жиі үйірілген күлкі де көп жағдайда өзін-өзі ақтамады. Дауыс мүмкіндігімен де жұмыс істеу рухы биік, тіні мықты қайсар Жаннаның табиғатын шынайы беруде артықтық етпейтінін алдағы уақытта қаперде ұстаса, жалпы кейіпкер характері жан-жақты ашыла түсер ме еді деген үміттің көкейге орныққанын атап өтуді де мақсатымыз санадық.
Ал енді қос актриса ізденісіне көлеңке түсірген ортақ кемшілікке тоқталар болсақ, ол – әке-шеше, бауыр ортасындағы мейірбан Жанна; ел сеніміне ие болу жолында барын сала жанұшырған өткір Жанна; қан майдан ортасындағы намысы жанылған, рухы асқақтаған, тұлғасы тұғырланған жауынгер Жанна; шіркеу қызметкерлерінің қыспағына түскен, инквизиция жалынына шарпылар алдындағы айыпкер Жанна; өмір мен өлім, мойынсұну мен тәрк ету арасындағы таңдау талқысында ойы он, санасы сан саққа шашыраған дәрменсіз Жанна... – міне, осындай алуан түрлі сезім сергелдеңінде сансыраған Жаннаны әрқайсысын өз характеріне сай, драма динамикасына лайық өрбітуге келгендегі бірсарындылыққа бой алдырып алғандығы дер едік. Әр әрекетте көңіл-күй қалыбын оқиға орайы мен қимыл құбылуына сай сантараптандырса, қаһарман қыз болмысын бейнелеу бедері байып, кейіпкер көңіл-күй қатпарларының күрделене түсеріне сенім кәміл.
Спектакль барысында назарымызды айрықша аудартқан сахнагерлер шоғырынан Карл патша рөліндегі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нүркен Өтеуіловтің ойынына ойып тұрып ойын берер едік. Екінші құрамда ойнаған Ержан Нұрымбеттің Карлы сылбыр, босаңдау болса, Нүркен Өтеуіловтің кейіпкері мінез мығымдығымен баурап алды. Актер сараптауында әумесер де сужүрек, ұшқалақ та әпенді патша бейнесі кемеліне келтіріле кейіптеліпті. Мінезі тұрақсыздау, сөзінің де тұрлауы жоқ тақ иесінің табиғатын жеткізудегі сахнагер шеберлігі тәнті етумен қатар, езуіңізге күлкі де үйіреді. Жымия отырып ойланасыз...
Бұл қойылым осыған дейін Абылай хан, Кенесары, Гамлет сынды салмағы сынадай, қиюы күрделі рөлдерде ойнап келген Сырым Қашқабаевты Лаир бейнесінде мүлдем жаңа қырынан көрсетіп берді. Ебедейсіз сарбаздың аңғал да адал әрекеті, қобырайған қобалақ қимылы Сырымның нұсқалауында жаңа тынысын ашыпты. Кошон кейпіне енген Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, Жаннаның әкесі бейнесінде жүрген Боранбай Молдабаев, Иоланта рөлінде көрінген Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Жұмагүл Мейрамованың ойыны өзіндік бедерімен есте қалды. Мейрам Қайсанов Бордикурының да бояуы қанық. Көрерменді граф Варикпен қауыштырған Жәнібек Мұсаев ойыны да көңіл қойып тамашалауға лайық. Театрдың жас сахнагерлері Олжас Жақыпбек пен Дастан Әлімнің нұсқалаған тәні кемтар болғанмен, жаны мөлдір мүгедегіңнен дәрменсіз жанның күрескер болмысындағы жылылықты сезіндік. Сахнада санаулы мәрте көрінгенімен, көңілді бейжай қалдырмайды. Ал инкивизитор Қуандық Қыстықбаевқа «ұрысқақтықтан» арылып, қаталдық қалпына ену жолында әлі де біршама ізденістің қажет екендігі сұранып-ақ тұр.
«...Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше, көпте ақыл жоқ!» Тарих парақтарында қатпарланған дәуір келбетін ұлы Абай осылай береді. Иә, көп – тобыр. Бірақ қай дәуірде де сол ақылсыз көпті ұлы мұраттың биігіне шығаратын тұлғалар болады. Жалын жұтқан Жанна д'Арк ерлігі соның дәлелі. Демек, бәрі де адамның ішкі қуатына, яғни өзімізге байланысты.
Назерке ЖҰМАБАЙ,
Қазақ ұлттық өнер университетінің өнертану магистранты.

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35