Спорт • 25 Тамыз, 2022

Жарыс Пиреней түбегіне ауысты

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір күндік үзілістен кейін «Вуэльта» додасы қайта жалғасты. Қызғалдақтар елі аумағында өткен бәсекелер аяқ­талғаннан кейін велошабандоздар Испанияны бетке алды.

Жарыс Пиреней түбегіне ауысты

Пиреней түбегінің солтүстік беткейінде орналасқан Виктория-Гастрейс пен Ла Гуардия аралығын жалғастырып жатқан 152,5 шақырымдық қашықтықта Нидерландтың Jumbo-Visma клубының велошабандозы Примож Рогличке тең келер ешкім табылмады. Оның уақыты – 3 сағат 31 минут 05 секунд. Одан кейінгі орындарды даниялық Мадс Педерсен (Trek-Segafredo) мен испаниялық Энрик Мас (Movistar) иеленді. «Астананың» сапындағы колумбиялық легионер Мигель Анхель Лопес 36-сатыға табан тіреді.

Жоғарыдағы жеңісінің арқасында 32 жастағы Роглич жалпы есепте жеке-дара көш бастады. Оның көрсеткіші – 11:50:59. Екінші орындағы Педерсен словениялық саңлақтан 13 секунд қалып келеді. Үшінші сатыға ұлыбританиялық Итан Хейтер (INEOS Grenadiers) жайғасты. Ал біздің Лопес әзірше 32-орынды еншілеуде.