Әлем • 25 Тамыз, 2022

iPhone 14 қашан шығады

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Apple компаниясының биылғы таныстырылымы 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.00-де өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz компания сайтына сілтеме жасап.

iPhone 14 қашан шығады

Күзгі таныстырылым Apple Park кампусындағы «Стив Джобс» театрында өтеді.

Apple тұсаукесерде iPhone 14 смартфондар желісін және Apple Watch Series 8 смарт-сағатын таныстыруы керек. Сонымен қатар, компания iOS 16 және басқа микробағдарламалардың шығу күнін жариялайды.

Сонымен қатар Apple тұсаукесер аясында Apple Watch SE 2 және Apple Watch Pro-ны таныстыруы мүмкін. Бұл туралы бұрын Bloomberg сарапшысы Марк Гурман хабарлаған болатын.