Аймақтар • 26 Тамыз, 2022

Жетісайда орталық базар өртенді

556 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында Жетісай қаласының орталық базары өртеніп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz Qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Жетісайда орталық базар өртенді

Өрт түнгі сағат 3:00 шамасында басталған. Куәгерлердің айуынша, базардың 80 пайыз аумағы жанып кеткен. 

Негізінен сауда қатарларының тығыз орналасқан жері, маталар мен киім кешектер, тұрмысқа қажетті заттар сататын аумағы отқа оранған. Жалын тек таң атқанда сөндірілді.

Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.