Қазақстан • 26 Тамыз, 2022

Гонконгтан Қарағандыға 19 тонна декларацияланбаған тауар әкелінген

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Әуежай-Қарағанды» кеден бекетінің қызметкерлері Гонконгтан Қарағанды қаласының «Сары-Арқа» әуежайына әуе бортымен келген жүктің дұрыс декларацияланбағанын анықтаған. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Гонконгтан Қарағандыға 19 тонна декларацияланбаған тауар әкелінген

Ұсынылған тасымалдау құжаттарын талдау барысында кедендік тасымалдаушы халықаралық пошта жөнелтілімдері түрінде салмағы 19 тонна шоғырландырылған экспресс жүк тауарын мәлімдегені анықталды.

«Кедендік ресімдеу регламентіне сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдері Кедендік бақылау нысандарынан жеңілдетілген тәртіппен өтеді. Коммерциялық жүктер кедендік бақылаудың барлық нысандарын қолдана отырып, кедендік ресімдеуден өтеді. Тиісінше, халықаралық пошта жөнелтілімдері түріндегі коммерциялық жүкті декларациялай отырып, декларант кедендік бақылаудан жалтарады. Бұл ЕЭК шешімдерін бұзу болып саналады», делінген комитет хабарламасында.

Халық тұтынатын дұрыс декларацияланбаған тауарларға қатысты кедендік тексеру жүргізілуде, оның ішінде - қол сағаттары, компьютерлік пернетақта, балаларға арналған заттар және басқа да заттар бар.

Осыған байланысты, материалдар Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің автоматтандырылған ақпараттық деректер қорының есебіне тіркелген.