АСТАНА. 12 мамыр. Оңтүстік Калифорния университетінің мемлекеттік басқару құрметті профессоры Честер Ньюланд Президент атына жолдаған хатында «Қазақстан-2050» стратегиясы елдің одан әрі орнықты дамуын қамтамасыз етеді деп жазды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Честер Ньюланд өз хатында еліміздің орнықты дамуына және әлеуметтік, экономикалық, саяси табыстарына тоқтала отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жасалған батыл қадамдарды атап өткен.
Профессор: «Зейнеткерлер мен өзге де көпшілік көмекке аса мұқтаж болған қиын кезеңдегі Сіз бен біздің аз уақыт қана кездескеніміз есімде. Сіз халықтың атынан олардың күнкөрісіне ғана емес, Қазақстанның жарқын болашағына кепілдік бере отырып, сенімді әрекет еттіңіз. Астананың қалыптасуының алғашқы кездеріндегі көптеген қиындықтар да ойға оралады, қазір бұл сол кезде көптеген сын-қатерлер қарсаңында тұрған елдің ең бір көреген шешімі ретінде мойындалып отыр», – деп жазыпты.
Бұдан бөлек, ол «Қазақстан-2050» стратегиясы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететінін айта келе, бүгінде конституциялық институттарымыздың нығая түскенін сөз еткен.
Сондай-ақ, Ч.Ньюланд «А» басқарушылар корпусының құрылуы, мемлекеттік қызметтің кең ауқымда кәсібилендірілуі және саяси лауазымға тағайындалатындар санының қысқартылуы Мемлекет басшысының тікелей ықпал етуімен жүзеге асырылған жетістіктер екеніне назар аударған.
Профессор Честер Ньюланд хатының соңында еліміздің ары қарай өркендей беретініне сенім білдіре отырып, Қазақстанның әлемдік сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған айрықша рөліне ризашылығын жеткізген.
Жолдыбай Базар.
Дереккөз: akorda.kz.
Фото: Dmk.kz.
• 12 Мамыр, 2014
Оңтүстік Калифорния университетінен Мемлекет басшысы атына хат келді

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35