Оқиға • 26 Тамыз, 2022

Тағы бір теміртаулық тұрғынның пәтерінде газ баллоны жарылды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі апта өтпей жатып Теміртаудағы тұрғын үйлердің бірінде тағы да газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тағы бір теміртаулық тұрғынның пәтерінде газ баллоны жарылды

Бұл жолғы оқиға да бұған дейін газ жарылған Металлургтер даңғылындағы үйдің пәтерінде болған. Бұл жолы зардап шеккендер жоқ.

«25 тамыз күні сағат 14:35-те Металлургтер даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты ғимараттың бір пәтерінде ауаға газ тарап, соңында жарылды. Подъездегі кіреберістің терезелері сынған», делінген Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. 

Теміртаулық құтқарушылар газ қызметі мамандарымен және тұрғындармен бірлесіп, пәтерлерді аралап шықты. Ондағы мақсат кезекті жарылысты болдырмау. Тексеру жұмыстарынан кейін тұрғындар пәтерлеріне оралды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Еске салайық, 16 тамыз күні Теміртауда дәл осындай газ баллоны жарылысы болған еді. Ол кезде бірнеше пәтердің қабырғалары опырылып қалған.