Екінші кезең басталған бетте елордалық клуб есеп ашты. 21-минутта Никита Михайлистен тамаша пас алған Линден Вэй шайбаны торға дөп түсірді. Десек те, үзіліске дейін алаң иелері нысананы екі мәрте дәл көздеп, алға шықты. Бұл голдардың авторлары – Антон Бурдасов пен Никита Тертышный. Олар 32 және 35-минуттарда мергендік танытты. Үшінші кезеңде Максим Шабанов есеп айырмашылығын қысқартты. Бірақ одан әріге жерлестеріміздің әлі жетпеді. Есеп – 2:3.
Естеріңізге сала кетейік, тұсаукесер кездесуінде «Барыс» Екатеринбургтің «Автомобилисін» 2:1 есебімен ұтқан еді.