Спорт • 27 Тамыз, 2022

Іріктеу сайыстарында сүрінді

115 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл күндері Нью-Йоркте өтіп жат­қан АҚШ-тың ашық бі­рін­ші­лі­гінің іріктеу сайыс­тарында Қазақстанның тен­нисшілері сәтсіз өнер көр­сетті. Сөйтіп, негізгі жарыста үш жерлесіміз ғана бақ сынайтын болды.

Іріктеу сайыстарында сүрінді

Ерлер арасындағы еліміздің екінші ракеткасы Михаил Кукуш­кин ширек финалда ар­гентиналық Николас Кикерді 6:3, 6:7, 4:0 есебімен ұтты. Үшін­ші сетте қарсыласы кез­десуді жалғастырудан бас тарт­ты. Жартылай финалда ол испаниялық Фернандо Вер­даскомен күш сынасты. 38 жас­тағы Пиреней түбегінің өкілі Аустралияның ашық бірін­шілігінде үздік төрттікке еніп, АТР турнирлерін жеті рет ұтқан. US open мен Ролан Гарростың ширек финалында ойнап, әлемнің жетінші ракеткасы атанған. Бірақ Вердаскода қазір ондай қарқын жоқ. Бұл күндері ол АТР рейтингінде небәрі 122-орынды қанағат тұ­туда. Бірақ Фернандоның «сыры кетсе де, сыны кетпеген» екен. Бұл бәсеке 7:6, 6:3 есебімен испаниялық теннисшінің пайдасына шешілді.

Тұсаукесер кездесуінде ита­лиялық Андреа Пелле­гри­нодан 4:6, 7:5, 6:2 есебімен басым түскен Дмитрий Попко екінші кезеңде Норберт Гом­бошпен шеберлік байқасты. Словакияның өкілі үздіктер тізімінде 114-орынды иеленуде. Екі ойыншы 2 сағат 16 минут бойы айқасты. Нәтижесінде, 6:4, 4:6, 6:2 есебімен Гамбош келесі айналымға өтті.

АҚШ-тың ашық бірін­шілі­гінің негізгі бәсекелері 29 та­мызда басталады. Ерлер ара­сындағы еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бублик АТР рейтингінде 71-орында тұрған франциялық Юго Гас­тонмен күш сынасады. Әйел­дер арасындағы үздігіміз, Уимблдон-2022 тур­нирінің же­ңімпазы Елена Ры­бакинаның қарсыласы әлі анық­талған жоқ. Отандасымыз іріктеу сынында жеңімпаз атанған тен­нис­шімен кездеседі. Ал оның кім бо­латыны әзірге белгісіз. Юлия Пу­тинцева әлемнің 24-ракет­ка­сы, америкалық Аманда Ани­си­мо­вамен ойнайды.