Қоғам • 27 Тамыз, 2022

Ұлттық жобаға қатысты

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 325,1 мың адам қатысты, 259,4 мың адам жұмысқа орналасты. Оның ішінде 155,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты.

Ұлттық жобаға қатысты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 8,7 мың адам жіберілді. Өз кәсібін бас­тау үшін 1,5 мың адам мемлекеттік грант алды. Субсидияланатын жұмыс орындарына 122,9 мың адам орналас­тырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 12,6 мың, жастар практикасымен 14,6 мың, қоғамдық жұмыстармен  91,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 2,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 249 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 1,3 мың адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 61,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.

Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.

Мемлекеттік бағдарламаға қатысу­шы­лар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды. Сондай-ақ оларға кәсіпкерлікті дамыту үшін микронесие мен қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліп, қолдау көр­сетілді. Қысқа мерзімді курстарда және кә­сіптік-техникалық ұйымдарда оқы­тылды.

Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдар­лама­сын­дағы бағыттардың бірі аясында жұ­мыс күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшірілді.