Экономика • 27 Тамыз, 2022

Жоғары сапалы вольфрам концентратын алу технологиясы

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вольфрам кенін байытудың жаңа технологиясы Жоғарғы Қайрақты кен орнындағы тау-кен металлургия кешенін пайдаланудың барлық мерзімінде оның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Аталған кен орнында өндірудің басталуы Қазақстанды әлемдік вольфрам нарығының негізгі қатысушыларының біріне айналдырады. Вольфрам өзінің айрықша экстремалды қаттылығымен, жо­ғары тығыздығымен және отқа тө­зімділігімен әлемдегі ең көп ізде­лінетін металдардың бірі болып саналады.

Жоғары сапалы вольфрам концентратын алу технологиясы

Зерттеулер мен жартылай өнеркәсіптік сынақтар «Солтүстік Қатпар» ЖШС-ның тапсырысы бойынша вольфрам кендерін қайта өңдеуге маманданған ҚХР-дың жетек­ші зерттеу орталықтарының базасында өткі­зіл­­ді. Алынған мәліметтер негізінде байыту фабрикасы мен гидрометаллургиялық зауытты жобалау үшін технологиялық регламенттер әзірленді.

«Флотоконцентрат үлгісінде күшәланың болмауы және жалпы құрамында бөгде қоспалардың аз болуы ерекше маңызды. Флотоконцентраттан алынған аммоний паравольфраматының үлгісі барлық нор­мативтік талаптарға сәйкес келеді. Соңғы өнімге вольфрамды алудың жоғары дең­ге­йіне қол жеткізілді», деді «Солтүстік Қатпар» ЖШС бас технологы Ғани Құлмұхамедов.

Жоғарғы Қайрақты кен орны Қазақстан үшін стратегиялық тұрғыда маңызды. Мұнда Measured+Indicated+Inferred са­натындағы JORC стандарттары бойынша ресурстар көлемі 712 мың тонна вольфрам үштотығын құрайды. Алайда мине­ралды құрамның ерекшеліктеріне байланысты бұрын жасалған технологиялар экстракцияның жоғары деңгейіне сенуге мүмкіндік бермеді.

Айта кетелік, Жоғарғы Қайрақты вольфрам кен орны Қарағанды облысының Шет ауданында, Қарағандыдан оңтүстікке қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Кен орнын игеру жобасының операторы «Солтүстік Қатпар» ЖШС – «Taý-Ken Samuryq» UTK» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны. Жобаның ТЭН-ін әзірлеу бо­йынша жұмыстар жүргізілуде.