Қоғам • 27 Тамыз, 2022

Қазақстан мен Вьетнам арасында әуе рейстері ашылады

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Вьетнам мен Қазақстан арасындағы жолаушы рейстерін жаңғырту туралы вьетнамдық тараппен келісім жасалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Вьетнам арасында әуе рейстері ашылады

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ведомство төрағасы Талғат Ластаев Вьетнам Социалистік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Фам Тхай Ньы Май және «Vietjet Air» әуе компаниясының өкілі Нгуен Чи Таммен кездесті.

«Кездесу барысында Вьетнам тарапы Қазақстанға тұрақты жолаушылар рейстерін орындауға дайындығын білдірді», делінген комитет хабарламасында.

10 қазанда Камрань – Алматы бағыты бойынша «Vietjet Air» әуе компаниясының алғашқы рейсін ашу жоспарланып жатыр. Сонымен қатар авиакомпания Камрань қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына рейстер ашуды жоспарлап отыр. Рейстер Airbus А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2-3 рет жиілікпен ұшатын болады.

«Қазіргі уақытта «Vietjet Air» авиакомпаниясы Қазақстан аумағында шетелдік авиатасымалдаушы ретінде аккредиттеуден өтуге дайындалуда. Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті», делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тікелей тұрақты әуе қатынасын жаңарту жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.