12 Мамыр, 2014

Атыраулық муайтайшылар әлем чемпионатында үш алтын медаль алды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-05-14-atyrau-muaitai

АТЫРАУ. 12 мамыр. Тай боксынан Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатында өнер көрсеткен атыраулық үш спортшы алтын медаль алды. Бұл туралы «Қайсар» спорт клубы хабарлады. Муайтай боксынан Малайзияда өткен жаһандық жарыста 76 елдің спортшылары бақ сынасты. Осы сында еліміздің намысын абыроймен қорғаған спортшылардың үшеуі алтын медаль еншіледі. Еліміздің байрағын желбіретіп, әнұранын әуелеткен Әбіл Ғалиев, Әлішер Мұхтаров және Еламан Саясатов Атыраудағы «Қайсар» және «Алан» спорт клубтарында жаттығады. Қазақстан құрамасына бұйырған жеті қола медальдың бірін атыраулық тағы бір спортшы Абылай Құралбаев иеленді. Ел қоржынына үш алтын және бір қола медаль салған атыраулық спортшыларды  М.Ғалиев, Б.Мұхамбетәлиев, Б.Әміржанов және А.Рахман сынды танымал жаттықтырушылар жарысқа дайындады. Жолдасбек Шөпеғұл. Дереккөз: «Қайсар» спорт клубы. Фото: «Қайсар» спорт клубы.