12 Мамыр, 2014

Назарбаев алдағы аптада мемлекеттік сапармен Қытайға барады

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-05-14-nazarbaev-szin-pin

АСТАНА. 12 мамыр. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен 19-20 мамыр күндері мемлекеттік сапармен Қытай Халық Республикасына барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. «Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қытайдың бірқатар компаниялары басшыларымен кездесулер өткізеді», - делінген хабарламада. 21 мамыр күні Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің IV саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр. Онда тұрақтылықты және аймақтық қауіпсіздікті нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылатын болады. Сәкен Майлыбай. Дереккөз: Ақорда сайты. Фото: tengrinews.kz.
Соңғы жаңалықтар