Енді екі елде бір-бірінің елшілігі ашылады. Осылайша, араға 3 жыл салып, үзілген байланыс қайта орнады.
Колумбияда 19 шілдеде өткен президенттік сайлаудың екінші турының қорытындысы бойынша солшылдардың өкілі Густаво Петро алғаш рет президент болып сайланды. Петро Колумбия президенті қызметіне 7 тамызда кірісті. Сайлау науқаны кезінде ол Венесуэламен дипломатиялық қарым-қатынасты қалпына келтіруге дайын екенін мәлімдеген еді.