Аймақтар • 31 Тамыз, 2022

Шымкентте Қытай автобрендінің автоорталығы ашылды

212 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкентте марка стандарттарына толық сәйкес салынған EXEED қытайлық премиум автобрендтің алғашқы ресми 3S дилерлік орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте Қытай автобрендінің автоорталығы ашылды

Жаңа дилерлік орталық базасында 30 жұмыс орны ашылды. Орталықтың жалпы ауданы - 1200 шаршы метр, оның ішінде бір уақытта 11 автокөлік орналасатын шоу-румның ауданы - 700 шаршы метрді құрайды. Сондай-ақ 1000 ш.м. алаңда автокөліктерге қызмет көрсету бойынша толық қызмет кешені бар 15 бекетке есептелген сервистік цех орналасқан. Сервистік цех инновациялық жабдықтармен, білікті мамандармен қамтамасыз етілген.

Сервис-орталықта техникалық қызмет көрсетуді, диагностиканы және қозғалтқыштарды, электрика мен жүрістік бөлігін жөндеу бойынша жұмыстардың барлық түрлерін жүзеге асыруға болады. Аталған жұмыстардың барлығы өндірушінің стандарттары мен технологиялық карталарына толық сәйкестікте орындалады.

Қазақстандағы EXEED дистрибуциясының директоры Борис Сасиннің айтуынша, EXEED маркасын дамыту мен ілгерілетудің басым орталықтарының бірі ретінде Шымкент қаласы кездейсоқ таңдалған жоқ. 

«Бұл Қазақстандағы халық саны бойынша үшінші және алып жатқан аумағы бойынша бірінші қала, елдің ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі. Ол Қазақстан аумағында халық саны бойынша екінші агломерацияны құрайды. Қазақстанның агломерацияларды дамыту стратегиясын іске асыра бастағанын жақсы білеміз. Егер бұрын бізде миллион халқы бар бір ғана қала — Алматы болса, енді Нұр-Сұлтан мен Шымкент, яғни миллионды үш қала бар. Сондықтан осы қала мен аймаққа үлкен үміт артамыз және дәл осы жерде сату орталығының ашылғанына қуаныштымыз. Біз жоғары сатылымдарға және жайлылық, инновациялық технологиялар мен ерекше сенімділік арқасында марка шымкенттіктерге ұнайтынына сенеміз», деді Б.Сасин.

Айта кетсек, жыл соңына дейін Шымкентте кем дегенде 132 маркалы автомобиль сатылады деп жоспарлануда. Қазақстан бойынша сатылым басталғалы бері барлығы 418 EXEED автокөлігі сатылды, ал жыл соңына дейін кемінде 1000 көлікті сату жоспарланып отыр.

EXEED ресми дилерлік орталықтары Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында жұмыс істейді. Дистрибьютордың хабарлауынша, қыркүйек айында Атырау мен Қарағандыда жаңа орталықтар ашылады. Ал жыл соңына дейін бренд Орал, Ақтау, Павлодар және Өскеменде пайда болады. Бұдан әрі дилерлік желіні келесі жылы 14 автоорталыққа дейін және 2024 жылы 19-ға дейін кеңейту жоспарлануда.