Оқиға • 31 Тамыз, 2022

Компанияларды рейдерлікпен басып алу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

379 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржылық мониторинг агенттігі бірнеше ЖШС-ны рейдерлік жолмен басып алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияларды рейдерлікпен басып алу дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр

«Алдын ала болжам бойынша зардап шегушіге келтірілген шығын көлемі 18 миллиард теңгеден асады. Биыл 14 шілдеде сот Р. Бабаев, Т. Танашев, Д. Әбижанов және А. Алтыбасаровқа қатысты қамауға алуды санкциялады. Қоспаев, Шалин және Имашевқа халықаралық іздеу жарияланды. Мүлікті анықтау және тыйым салу шаралары қабылданды», делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, бұл азаматтардың 9 миллион долларға жуық қаражаты бұғатталып, зергерлік бұйымдары тәркіленген.

«Күдіктілер мен оларға қатысты тұлғалардың 154 жылжымайтын мүлік нысаны (тұрғын үй кешенінде 102 пәтер, 6 жекеменшік үй, 28 тұрғын емес үй, 11 учаске, бір сауда нысаны, екі қала, төрт көлік тұрағы), 19 көлік тәркіленген. Соталды тергеу жалғасып жатыр. ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес өзге мәлімет жария етілмейді», делінген хабарламада.