Үкімет • 31 Тамыз, 2022

Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін $400 мың мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Пәкістанға гуманитарлық көмек көрсетеді

Бұл мәселе Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.

Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.

27 тамызда Пәкістан Премьер-Министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.

28 тамызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Пәкістанда су тасқынынан мыңнан аса адам қаза болғанын хабарлаған едік.