Елорда • 31 Тамыз, 2022

Елордада Конституция күніне орай әндер шырқалды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Бәйтерек» монументі жанындағы алаңда Конституция күніне орай ұйымдастырылған «Ата заңым – Байтерегім» атты концерт өтті. Оған отандық эстрада жұлдыздары қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада Конституция күніне орай әндер шырқалды

Сахнада Маржан Арапбаева, Бейбіт Қорған, Мәди Қадыров, Ғаділбек Жанай, сондай-ақ «Азия», «Заман» және Kesh You топтары және өзге де әншілер өнер көрсетті. Көрермен қауым алаңға концерт басталмай тұрып жиналды, олар би билеп, сүйікті әншілерімен бірге ән айтты.

«Қала тұрғындарын мерекемен құттықтаймыз! Елдің егемендігін нығайтқан Конституция – Қазақстан халқы үшін маңызды құжат. Сондай-ақ бүгін біз тағы бір ерекше күнді атап өтеміз. Тәуелсіз Қазақстанның архитектуралық символына айналған «Бәйтерек» монументінің ашылғанына 20 жыл болды», деді Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушы Наурызбек Насыр.

Елорда тұрғындары мен қонақтары да бір-бірін Конституция күнімен құттықтады.

«Концерттен ләззат алу үшін отбасымызбен бірге «Бәйтерек» алаңына арнайы келдік. Мерекелік кеш бізге жағымды көңіл-күй сыйлады. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен амандық болсын», деді елорда тұрғыны Өтеміс Қожабаев.

н