Қалалар мен аудандар тұрғындары орталық алаңдарда, саябақтарда майдангерлермен бірге бас қосып, оларға өнерден шашу шашты. Астанада өткен әскери парад қала көшелерінде орнатылған теледидарлар арқылы тікелей көрсетілді. Екінші дүниежүзілік соғысқа өңірден 60 мыңға жуық азамат қатысып, 6587-і жауынгерлік орден және медальдармен марапатталды. Соның ішінде 33-і Кеңес Одағының Батыры атағын алса, жеті адам «Даңқ» орденінің толық иегері болды. Бұл жылдарда Қарағанды мен Жезді, Балқаш пен Теміртау қорғаныс өнеркәсібін көмір, марганец, мыс, болатпен үздіксіз қамтамасыз етіп отырды. Майданға аттанған әкелері мен ерлерінің орнында шахталарда 12 мың әйел еңбек етті. 3 бис шахтасының шахтерлері Жәкен Мұқанова, Күләш Құлжановалардың ерен еңбектері 1941 жылы желтоқсанда Совинформбюро арқылы хабарланды.
Бүгінде жасы 90-нан асып, 100-ге жақындаған Талғатбек Абдразақов, Семен Красногутский ақсақалдардың үйлеріне барып, арнайы құттықталды. Бірқатар мекемелер мен ұйымдар соғыс және тыл ардагерлерін концерттік кездесулерге шақырып, майданның сүйікті әндерін естеріне түсіре шырқады. Мерекелік сән-салтанат кешкісін көк жүзін сан алуан бояуларға бөлеген отшашулармен жарқырады.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
ҚАРАҒАНДЫ.

Абай облысында апатты жағдайдағы 10 теміржол вокзалы жаңғыртылады
Аймақтар • Бүгін, 17:52
Шымкентте екі жасар қыз 24 метрлік құдыққа құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 17:02
6 баллон шығарылды: Өскеменде құтқарушылар жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Алматы облысының тауларында туристік микроавтобус шатқалға құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Төрт боксшымыз Әлем кубогі кезеңінің алтын жүлдесіне таласады
Спорт • Бүгін, 15:55
Бизнесмендер мен экономистер министрдің реформасына наразылық білдірді
Қоғам • Бүгін, 15:23
Ақмола облысында 18 жастағы жасөспірімді бұрынғы сыныптасы пышақтап кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:55
Ақтауда МАЭК-тің екі жұмысшысы тұз қышқылына күйіп қалды
Аймақтар • Бүгін, 13:34
Түркістанда көпқабатты тұрғын үй жанындағы дүкен өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Өскемендегі базарда жеке кәсіпкер көкөністердің бағасын негізсіз өсірген
Аймақтар • Бүгін, 12:33
Алматыда қытайлық компания заманауи қоқыс өңдеу зауытын салады
Экология • Бүгін, 11:59
Нидерланд Корольдігі Жамбыл облысына 40 мың түп қызғалдақ сыйлады
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Вашингтонда тағы да атыс болды: Дональд Трамп шұғыл түрде эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 10:53
Алматы әуежайындағы терминалдарды жаңарту жұмыстары қашан аяқталады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 10:15
Доллар, еуро, рубль: 26 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35