Спорт • 01 Қыркүйек, 2022

Лопестің қарқыны күшті

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Вуэльта» көпкүндігінің тоғызыншы кезеңінде «Астананың» серкесі Мигель Анхель Лопес мәре сызығын оныншы болып қиып өтті. Ол жеңімпаздан 1 минут 47 секунд қалып қойды.

Лопестің қарқыны күшті

Бұл жолы велошабандоздар таза уақытқа жарысты. Валенсия өлкесіндегі Эльче мен Аликанте қалаларын жалғастырып жатқан 31,1 шақырымдық сайыста Ремко Эвенепулге тең келер ешкім табылмады. Quick-Step Alpha клубы сапындағы Бельгияның беткеұстары аталған қашықтықты 33 минут 18 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды словениялық Примож Роглич (Jumbo-Visma) пен франциялық Реми Каванья (Quick-Step Alpha Vinyl Team) иеленді.

Жалпы есептегі жағдай өзгеріссіз. Әзірге Ремко Эвенпулдің екпініне ешкім шыдай алатын емес. Оның көрсеткіші – 34:35:50. Примож Роглич одан 2 минут 41 секунд қалып келеді. Үшінші орында – испаниялық Энрик Мас (Movistar Team). Қазақстандық команданың намысын қорғап жүрген колумбиялық легио­нер Мигель Анхель Лопес сегізінші сатыға жайғасқан.

Соңғы жаңалықтар

Абай облысында тазалық акциясы басталды

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

Үш айда 7 145 жұмысшының құқығы қорғалды

Жұмысшы мамандықтар жылы • 05 Сәуір, 2025

1650 адам қала тазартуға қатысты

«Таза Қазақстан» • 05 Сәуір, 2025

«Жеміс»

Мың бір мысал • 05 Сәуір, 2025

Дәм сезбейтін аспаз

Ғалам ғажаптары • 05 Сәуір, 2025

«Мода дегеніміз...»

Сатира • 05 Сәуір, 2025

Тікелей әуе рейсі ашылады

Саясат • 05 Сәуір, 2025

Отбасына тиімді карта

Қоғам • 05 Сәуір, 2025

Көлікті сақтандыру қымбатқа түседі

Заң мен Тәртіп • 05 Сәуір, 2025

Жеңіс тарихы ұмытылмайды

Өшпес даңқ • 05 Сәуір, 2025

Торғайды түлететін төте жол

Экономика • 05 Сәуір, 2025