Спорт • 01 Қыркүйек, 2022

Краковта күш сынасады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8-11 қыркүйек күндері Польшаның Краков қаласында дзюдодан ардагерлер арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді.

Краковта күш сынасады

Аталған жарыста 57 мемлекеттен келген 900-ге тарта балуан бақ сынайды деп күтілуде. Татамиге шығатындар қатарында қазақстандық дзюдошылар да бар. Краковқа сапар шеккелі отырғандардың тізімінен әйгілі балуандардың есімдерін де кезіктірдік. Мәселен, 60 пен 64 жас аралығындағы спортшылар арасында Алмас Мұсабеков күш сынасады. Даңқты бапкер Марат Жақыттың қол астында жаттыққан Жамбыл облысының тумасы өткен ғасырдың жетпісінші және сексенінші жылдары атой салғанын көзі қарақты көрермен ұмыта қойға жоқ. Ол самбодан екі дүркін КСРО чем­пио­ны атанып, сан мәрте жүлдегерлер сана­тынан кө­рінді. Әлем кубогы мен Еуропа бірін­ші­ліктерінде топ жарды.

50 мен 54 жастағылардың сайысында Руслан Сейілханов өнер көрсетеді. Шығыс Қазақстан облысының түлегі тоқсаныншы жылдары еліміздегі ең белді балуандардың бірі әрі бірегейі болды. Ол Атланта мен Сидней Олимпиадаларына қатысып, әлемдік және құрлықтық додаларда үнемі үздіктер қатарынан көрініп жүрді.